Мақтааралда партияның ұйымдастыруымен футболдан жарыс өтті

0

Дені сау ұрпақ – мемлекеттің басты байлығы. Осы ретте Медиация күніне орай Мақтаарал ауданында “Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық” ұранымен серіппеге тартылудан және шағын футболдан жарыс өтті.

Жарысты “AMANAT” партиясы Мақтаарал аудандық филиалы ұйымдастырды.  Шағын футболдан өткен сайысқа 2 кент пен 9 ауылдық округтен келген 22 команда қатысты.

Спорттық доданың ашылу салтанатына қатысқан аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Б.Асанов, партияның Мақтаарал және Жетісай аудандық филиалдарының Атқарушы хатшылары Д.Асабаев және Ә.Асауов, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті ардагерлер жарысқа қатысушыларға сәтттілік тіледі.

Теңбіл доп бәсекесінің қорытындысы бойынша “Әзімбай ата” командасы жеңімпаз атанса, екінші орынды “Хайдар ата” командасы иеленді. Ал, Жантақсай ауылының жастарынан құралған ұжым үшінші орынға табан тіреді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар және қаржылай сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, аудан аумағында партия филиалының қолдауымен мұндай спорттық жарыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

(Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ