Кентау: кезекті аппараттық жиналыс өтті

0

Кентау қаласының әкімі Рашид Аюпов төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті.  Лездемелік жиналысқа қала әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен ауыл әкімдері, мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды.

Бірінші мәселе Кентау қаласындағы коммуналдық меншігіндегі мүлікті басқару бойынша қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Илхам Азизбаев баяндама жасады.2021 – 2025 жылдарға арналған жекешелендіру жоспарына  сәйкес, Кентау қаласы бойынша 8 мекемені жекешелендіру жоспарланған, оның ішінде 2022 жылға 2 мекеме..Коммуналдық  меншіктегі  жайларды  жалға  беру бойынша 2022 жылдың 7 айының қорытындысымен Кентау қаласының коммуналдық меншігіндегі тұрғын емес бос жайларды мүліктік жалға беру бойынша кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттік мекемелер арасында жалпы – 1733,7 шаршы метрге 20 келісім-шарты түзіліп, 2022 жылдың  7 айдың қорытындысымен бюджетке – 7 795,4  мың теңге түсті.

Екініші мәселе Кентау қалалық құрылыс бөлімінің 2022 жылдың 7 айда атқарылған жұмыстары бойынша қалалық құрылыс бөлімнің басшысы Орынбек Тындыбаев баяндады. Бүгінгі таңда Ш.Уалиханов көшесі бойында 5-дана  көп-қабатты тұрғын  үйлердің орындарын ауыстыру бойынша жаңа жер учаскілері белгіленіп, мемлекеттік актілері қайта әзірленді. Бас жобалаушы  тарапынан  жобаны  қайта  тұзетіп, ағымдағы  айда сараптамаға  ұсыну  жоспарлануда.Сонымен қатар, аталған тұрғын үйлердің құрылысына альтернативті қаражат көздері есебінде «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесіп, кредиттің тұрғын-үй бағдарламасы аясында жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқарылды.

Үшінші мәселеде азық-түлік бағаларын тұрақтандыру шаралары бойынша Кентау қалалық кәсіпкерлік,туризм және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Қадырхан Төлепбергенов баяндады. Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағаларына кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарымен тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде. Мониторинг нәтижесі бойынша жыл басынан 6 тауар (1-ші сұрыпты ұн-15,8, сәбіз-21%, пияз-75,0%, құмшекер-97,1%, күріш-20%,жұмыртқа 2,7%-ға%,) бағаның өсуі байқалды. 11 тауарға (қарқұмық, 1 сортты ұннан жасалған нан, макарон өнімі, сиыр еті, тауық еті, сүт 2,5%, айран 2,5%, сүзбе, сары май 72,5%, күнбағыс май, тұз) бағалары тұрақты деңгейде,  2 тауар бағасы төмендеді ( қырыққабат 42,9%-ға, картоп 81%-ға арзандаған). Бағалардың өсу себептерінің бірі Бірқатар тауарлардың нарық бойынша бағасының көтерілуіне алыпсатарлықпен айналысатын кәсіпкерлік субъектілері әсер етуде.

Төртінші мәселеде 2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті дамыту ұлтық жобасы аясында қоғамдық жұмыс орындарының орындалу барысы туралы  Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Айтбаев өз баяндамасында айта өтті. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру мақсатында, 2022 жылдың ІІ жарты жылдығына  шілде айынан бастап қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру мақсатында998 жұмыссыз азаматты 20 АЕК жалақысымен уақытша жұмыспен қамтуғаҰлттық қор есебінен 366825,0 мың теңге қаралып, қазіргі таңда Кентау қаласының мекемелерінен түскен өтінімге сәйкес 680 жұмыссыз аазаматтар жұмыс атқаруда. Жалпы жыл басынан бері қоғамдық жұмыстарға 106 мекемеге 933 жұмыссыз азаматтар тартылды.

Бесінші мәселеде қалада орын алып жатқан құқықбұзушылықтар бойынша Кентау қалалық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Бағлан Янкин баяндап өтті. Күнделікті қала аумағында рейд жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, қала орталықтарында саябақтар мен аллеяларда жайылып жүрген үй жануарларының иелеріне түсіндірме жұмыстары атқарылуда.

Жиналыс барысында қала әкімі баяндамашыларға бірқатар тапсырмалар беріп, орындалуын тапсырды. Атап айтқанда, Азық-түлік бағаларын апта сайын баға мониторингін жасау, ақылы қоғамдық жұмыскерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізу және қалада тәртіп пен тазалықты сақтау бойынша жұмыстар әліде баяу екендігін айта өтті.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызмет


ПІКІР ЖАЗУ