Құрылыс жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда

0

Түстен кейін Қаратөбе ауылдық округіне іс-сапармен барып, жаңа массивтерге жүргізіліп инженерлік коммуникация жүйелерінің құрылысымен таныстым.

Қаратөбе ауылдық округі – тау баурайында орналасқан, аудан орталығынан шалғай жатқан аумақ. Құрамында- Балдыберек, Қаратөбе, Қостөбе, Майбұлақ, Төңкеріс ауылдары бар. Округ халқының саны артуына байланысты, тұрғын үйлерге жер телімдерін бөлу максатында бас жоспарға сәйкес белгіленген жерге инженерлік коммуникация жүйелері тартылуда.

Елді мекеннен 302 отбасына жер телімдері беріледі. Бүгінгі күні жаңа массивтерге ауыз су, электр жүйелері тартылды. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме “Ақмешіт Мелиоратор” ЖШС жүргізіп, 21, 700 шақырым су құбырлары, 90 дана құдық орнатты. Сондай-ақ, электр жүйелерін мердігер мекеме “А.Мерей и К” ЖШС жүргізіп, 559 электр бағаналары мен 347 электр шамдарын орнатып, 20.0 шақырым электр желілерін тартып, 7 дана КТПН қойды.

Жаңа массивтерге жүргізілген инфрақұрылым жүйелерімен танысып, оның сапасына қатысты мердігер мекеме мен тиісті бөлім басшылары ескертулер айтып, құрылыс жұмыстарының жобада көрсетілген мерзімде аякталуын талап ете отырып, тапсырма бердім.

Кейіннен Аққұм ауылдық округіне қарасты Ащы көшесіндегі орта жөндеу жұмыстарының барысымен таныстым. Аталған көшенің 1.17 шақырымына асфальт төсеу ісін “Бірлік” ЖШС жүргізсе, оның техникалық сапасын “Мир строй и компания” ЖШС қадағалауда.

Айта кетерлігі, Ащы көшесінің тұрғындары жеке қабылдауға келіп, асфальт төсеу қажеттігі жөнінде өтініштерін айтқан болатын. Аудан басшысы ретінде халықтың жай-күйін ескере отырып, сала мамандарына арнайы тапсырма бердім. Зерделеу нәтижесінде аталған көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізу қажеттігі анықталып, оның жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды. Құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен қаржы қаралып, асфальт төсеу ісі қарқынды жүргізілуде.

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев


ПІКІР ЖАЗУ