The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Төтенше жағдайдың алдын алу шаралары пысықталды

Бүгін аудан әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Аудан әкімінің орынбасары М.Жанесеннің төрағалығымен өткен басқосуға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Б.Әзімбаев, дербес бөлім басшылары мен ауыл әкімдері және жауапты мамандар қатысты.

Күн тәртібінде аудан аумағында болуы мүмкін дала, тоғай, орман өрттерінің алдын алуға дайындық және Рысқұлов, Машат ауыл округтеріндегі Арыс өзенінің арнасын туралап, күшейту мәселесі қаралды.

Кеңес отырысын  аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Б.Әзімбаев қортындылап, хаттамалық шешіммен тиісті мекемелерге төтенше жағдайдың алдын алу, зардаптарын жою бойынша тапсырмаларды үйлестірді.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Столичным точкам общественного питания напомнили о правилах пожарной безопасности

admin

Балалық шақтың ашық аспаны

admin

Түркістан: Сарыағаштағы ауыл көшелеріне диодты жарықшамдар орнатылып жатыр

admin