The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Мақтаарал: жастар керуені Ж.Нұрлыбаевтан бастау алды

Мақтаарал ауданы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Сүндет Кенжебаевтың бастамасымен  ауданымызда “Жастар керуені” жобасы іске қосылып, алғашқы керуен ауданға қарасты Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне ат басын бұрды.

Жобаның мақсаты – ауыл жастарына бос уақытты тиімді өткізу және сондағы жастармен ашық аспан астында еркін форматта пікір алмасу.

Жалпы іс-шараға округтің түрлі өңірлерде оқып жүрген студент жастары, тұрақты еңбек етіп жүрген жастар, жұмыссыз жастар және жоғары сынып мектеп оқушылары қатысты.

Жиын барысында аудандық мәслихаттың депутаты С.Кенжебаев пен ауылдық округтің әкімі Н.Елшібаевтар жастардың көкейде жүрген сұрақтарына жауап беріп, ауыл-аймақты дамыту, көркейту, көгалдандыру бойынша ұсыныстарын тыңдады.

Сонымен қатар, көңілді кеште жастар өз өнерлерін паш етіп, түрлі ойындар ойнатылды. Атап айтқанда, жанды дауыста әндер шырқалып, ара-тұра өнерлі жастар баян, домбыра, гитарамен өз өнерлерін ортаға салып, көпшіліктің көңілін көтерді.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ҚР СІМ басшысының орынбасары Investors Annual Meeting 2026 іс-шарасына қатысты

admin

Жаңа Конституцияда экологияға басымдық беріледі: Скляр министрлікке нақты тапсырмалар жүктеді

admin

Сот жүйесіндегі ірі реформа: Енді кассация азаматтарға қалай жұмыс істейді?

admin