Ордабасы: Шұбар ауыл округі аумағынан 40 мың бастық ірі қара бордақылау кешені салынбақ

0

Аудан әкімі Нұрбек Бадырақовтың төрағалығымен ауыл шаруашылық саласын дамытуға арналған семинар өтті.

Семинарға ауданға қарасты ауыл округ әкімдері, шаруалар, сондай-ақ Сайрам, Сарығаш аудандарындағы ірі мал бордақылау алаңдарының меншік иелері қатысты.

Мал шаруашылық саласындағы өз тәжірибелерімен бөліскен жеке кәсіпкерлер жиын қатысушыларына мал басын арттыру, бордақылау, нарыққа шығарудың қыр-сырын үйретті.

Жиында аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев Шұбар ауыл округі аумағында ірі қара мал бордақылау кешенін құру жобасы жөнінде баяндама жасады.

Айта кетерлігі, алдағы уақытта «Батыс Қытай – Батыс Европа»  автодәлізінің Бадам-Шұбар автожолының қиылысқан тұсындағы 400 гектар аумаққа жоспарланған бірегей кешенде автотұрақ, әкімшілік кеңсе, асхана, мұздатқыш қойма, құрама жем өндіру цехы, мал азығын сақтау орны, мал базары және 40 мың басқа арналған мал бордақылау алаңдары болмақ. Сонымен қатар бұл мал бордақылау кешенінде 50 бастан 5 000 басқа дейінгі бөліктерде мал бордақыланбақ.

Жоба кешені логистика жүйесінің  қолайлылығымен ерекшеленеді. Халықаралық автожол арқылы дайын өнімді 30 шақырым қашықтықтағы үшінші мегаполсике 20-25 минутта жеткізуге болса, тоңазтылған ет өнімдерін көршілес облыстар мен шетелдерге (Өзбекстан, Ресей) экспорттауда қолайлы темір жол желісі де аудан іргесінде тұр.

Ірі қара малды азықпен (жем,шөп) қамтамасыз ету үшін арнайы кешен аумағында құрама жем цехы орналастырылып, мал бордақылаушы шаруаларға төмендетілген бағада ұсынатын болады.

Мал бордақылау алаңдарындағы ірі қара малдарға арнайы ветеринариялық лабораториядан тексерулерден тұрақты өткізіліп отырады.

Дайын болған бұқашықтар мал сою бекетінде сойылып, бастапқы өндеуден өткізіліп, Республика аумағымен шет мемлекеттерге экспортталатын болады.

Жоба бойынша 40 мың бас мал бордақылау алаңдарына шамамен 1 айналымда 36 мың тонна шөп, 48 мың тонна жем азығы қажет етеді. Бұ қажеттілікті ауданымыздың егістік, шабындық алқаптарынан алынатын жем-шөп қоры қамтамасыз етпек.

Мал бордақылау алаңын қажетті инженерлік-инфрақұрылымын қамтамасыз ету мақсатында ауыз су, электр жарығы, көгілдір отын, асфальт, көше жарықтандыру жұмыстары бойынша арнайы жобалар әзірленіп, тиісті мекемелермен бірлескен жұмыстар қолға алынуда.

Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ