The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Мейірім етсең – мейірімділік көресің

Облыс орталығында қайырымдылықты ту еткен – “Мейірімді жүрек” акциясы жалғасуда.

Жалғызілікті қарттар мен ерекше қажеттілігі бар балалар және әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға шара аясында азық-түліктер мен күнделікті қажетті заттар үлестірілуде.

Қалалық “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” қызметкерлері аталған санаттағы тұрғындардың үйін аралап, қажеттіліктеріне орай көмек көрсетті.

Бөлім басшысы Элмира Бейсенова өз сөзінде, “Мейірімділік – көңілге нұр құяр жарық сәуле, үміт шамшырағы. Бүгінгі акциямыз осындай азаматтардың жақсылыққа деген сенімін арттыру үшін ұйымдастырылды” деді.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте көлік нөмірін ауыстырып, бейнекамералардан жасырынған жүргізуші ұсталды

admin

Олимпиада-2026: Бүгін жарыс жолына кімдер шығатыны белгілі болды

admin

Түркістан: Шетелдік байқаушылар өңірдегі сайлау дайындығымен танысты

admin