The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Бәйдібек: кезекті аппарат мәжілісі өтті

Бүгін аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиевтің төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібінде 5 мәселе қаралды.

2022 жылғы 7 айдың қорытындысымен аудан бюджетінің орындалуы, аудандағы көрнекі-үгіт құралдарды реттеу, жаңарту жұмыстары, қоғамдық-саяси ахуал, жайылымдық жерлерді қайтару жұмыстарының барысы, аудан әкімдігіне ағымдағы жылдың 7 айында келіп түскен арыз-шағым, кіріс-шығыс хаттардың орындалу барысы туралы тиісті бөлім, мекеме басшыларының есепті хабарламалары тыңдалды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Бақыт Қырғызалиев орындалмай жатқан жоспарлы тапсырмалар жөнінде тиісті ауыл әкімдері мен мекеме, бөлім басшыларынан себебін сұрап, мерзімін белгілеп орындауды тапсырды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары басталды

admin

Астанада 31 желтоқсанда жүгіруден жаңа жылдық жарыс өтеді

admin

Түркістандық велошабандоздар Астана қаласында өтіп жатқан чемпионатқа қатысуда

admin