Кентау қаласының әкімі қаладағы құрылыс жұмыстарын бақылады
Қала әкімі Рашид Аюпов қалада атқарылып жатқан бірқатар жұмыстар барысын бақылап шықты. Аралау барысында «Кентау Сервис» жылу мекемесінің жаңа маусымға дайындығы және жөндеу жұмыстары барысымен танысып, жөндеу жұмыстарын 1-ші қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды.
Сонымен қатар, Құралбаев көшесінде жүргізіліп жатқан құрылыстардың барысын бақылап, аталмыш көшеде жұмыстың баяу жүруіне байланысты қала әкімі мердігер мекемеге орташа жөндеу жұмыстарын аптаның соңына дейін аяқтау керектігін жеткізді.
Қаланың өзекті мәселелерінің бірі табиғи газға қосу болатын. Қазіргі таңда қала басшысы екінші және үшінші этап жұмыстары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарымен танысып, екінші этап бойынша газға толтыру жұмыстарын жүргізіп, қысыммен күшейтуді бастау тапсырылды.
Сондай-ақ, «Кеншілер» саябағынан бастау алатын үлкен арықтың құрылыс жұмыстарын осы айдың соңына дейін аяқтау жоспарланды және кәріз тазарту станциясы жұмыстарымен жүргізетін мердігер анықталып, тазарту жұмыстары қарқын алатын болады.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі