The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Абай күніне орай танымдық шаралар ұйымдастырылды

 Бүгін Абай күні. Екі жыл бұрын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленген болатын. Атаулы күнге орай, ауданды түрлі шаралар ұйымдастырылып отыр. Қазақтың біртуар ақыны, философ хәкім Абай Құнанбайұлының шығармашылық әлемін жас ұрпақтың бойына ұлықтау мақсатында аудандық орталық кітапхана, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен оқырмандар арасында «Тапқыр болсаң, озып көр» атты интеллектуалды ойын өтті. Сондай-ақ Қызылкөл ауылдық кітапханасында  «Абай мұрасы» атты әдеби танымдық кеш ұйымдастырылды.  Абайдың қара сөздерінің мағынасын ашып, талданды. Оқырмандар кітап көресімен танысып, ұлы тұлғаның шығармашылық әлеміне бойлады.

 Аудан орталығындағы Сұлтанбек Қожанов атындағы өлкетану музейінде Абайдың тәрбие мектебі жайлы тәлім сағаты өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандық қылқалам шеберінің нью-йоркте көрмесі өткізілді

admin

Түркістандық кітапханашы республика бойынша жылдың үздік кітапханашысы атанды

admin

Бас прокуратурада жол қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

admin