The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Бәйдібек ауданында көпбалалы аналар құрметтелді

Бәйдібек ауданында көпбалалы 29 анаға құрмет көрсетілді. Аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков  алтын құрсақты аналарды қабылдап, құттықтау лебізін білдіріп, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес бөлінген «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыс етті.

Ел демографиясына үлес қосып отырған ақ жаулықты 29 ана бүгін осы марапатқа ие болды. Оның 9-ы – «Алтын алқа», 20-ы – «Күміс алқа» иегері. Бәйдібек ауданында 500-ден аса «Алтын алқа» иегері және 1300-ден аса «Күміс алқа» иеленген аналар тұрады. Сонымен қатар 165 «Батыр ана» мен 200-ден аса  І-ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандар бар. 18 жасқа дейінгі 4 және оданда көп баласы бар аналар саны – 2948.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Емханалар жанынан құрылған мобильді бригадалар қандай қызмет көрсетеді?

admin

В Абайском районе в этом году введены в эксплуатацию четыре спортивные площадки, построенные за счет спонсоров

admin

Түлкібас ауданында 600-ге жуық балаға мектепке жол акциясы аясында қолдау көрсетілді

admin