Қазығұрт: аудан әкімінің құттықтауы

0

Қадірлі Қазығұрттықтар!

Бүгін – қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы, ұлт руханиятының темірқазығы, халқымыздың ұлы перзенті, философ, ғұлама – Абай Құнанбайұлының туған күні.

2020 жыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ұлы ақын, Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтой жылы болып аталды.

Сонымен қатар, Президентіміз мерейтой жылына орай ұйымдастырылған Абай шығармаларын оқу эстафетасын кішкентай Ләйлімнен қабылдап, жалғастырды.  Бұл челлендж тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің атақты адамдары түрлі тілде ақының шығармаларын оқып, Абай кеңістігінің кеңейіп, халықаралық деңгейге шарықтағанын көрсетті. Абайдың мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өткізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз – Абай күні болып жарияланды. Алдағы уақытта әдебиет және өнер саласындағы үздік шығармаларға берілетін мемлекеттік сыйлық енді Абай атындағы мемлекеттік сыйлық болып аталды.

Мұның барлығы Абай Құнанбаевтың ұлылығын дүниежүзіне танытып қана қоймай, кемеңгер ойшыл, ұлы ақынның уақыт талабын заманынан оза шауып түсінуі, дүниетанымы мен философиялық көзқарастарын тереңінен зерттеп, жаңаша танып-білуімізге жол салары сөзсіз.

Қадірлі жерлестер!

10 тамыз – Абай күні мерекесі баршаңызға құтты болсын!

Осынау мерейлі күні баршаңызды тағы да ұлттық руханияттың үлкен қуанышы болған «Абай күнімен» құттықтаймын! Бұл күн бірлігі бекем қазақ даласын татулыққа шақыратын, адамгершілікке үндейтін, қастерлі күнге айналсын деп тілеймін!

Мереке құтты болсын!

Ізгі тілекпен, аудан әкімі А.Абдуллаев


ПІКІР ЖАЗУ