Мақсары ору науқаны басталды

0

Төлеби – аграрлы аудан қатарында. Ауданымыз тау бөктерінде орналасқандықтан, мал және егін шаруашылығы өз деңгейінде дамыған. Аудан диқандары бірнеше жылдар бойы мақсары өнімімен Түркістан облысы бойынша алдыңғы қатардан көрініп келеді. Биылғы жыл да шаруалар үшін ырысты болғалы тұр. Шаруалар ауа-райының қолайлы болуына байланысты 10000 тоннадан астам өнім жиналады деп күтуде. Жалпы, аудан аумағына 10731,5 гектар мақсары егілді.

Қазіргі кезде мақсары ору науқаны басталды. Диқандар мақсарының әр гектарынан 9-9,5 центнерден өнім алып жатыр.

Мақсары дәні барлық кезде үлкен сұранысқа ие. Мақсары тұқымшасындағы жалпы май мөлшері 25-37%, ал ядросына 50-56% дейін ақшыл сары түсті бағалы сұйық майы болады. Өсімдік майының дәмділігі және жұғымдылығы күнбағыс майына пара-пар, ал тек қана ядросынан сығылған майдың сапасы зәйтүн майынан кем түспейді. Халықтық медицинада мақсары жапырақтары, гүлдері және майынан әр түрлі дәрі дәрмектер жасалады, сонымен қатар, өсімдік майын сыр-бояу, линолеум, сұйық сабын өндірісінде т.б. техникалық мақсаттарда пайдаланады.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ