Созақ: аудан көлемінен «зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларға» кешенді көмек көрсету жөнінде дөңгелек стол ұйымдастарылды

0

Әйелдер мен балаларға қамқорлық жасау біздің еліміздің мемлекеттік саясатының ажырамас бөлігі. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелеріне ерекше көңіл бөлді және оның құрбандарына қолдау көрсету жөнінде тиімді шаралар қабылдауды тапсырды. Түркістан облысы полиция департаментінің тапсырмасына сәйкес, аудандық полиция бөлімінің тергеу жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Ербол Оралбаев пен Созақ ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясымен бірлесіп дөңгелек стол ұйымдастырылды. Оған тиісті бөлім, мекеме басшалары қатысты. Дөнгелек столда аудан әкімінің орынбасары Оразов Қалдыбек жүргізіп отырды. Созақ аудандық полиция бөлімінің Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Айжан Манапова баяндама жасады. «2022 жылдың 7 ай мерзімінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандар 111 әйелдерге қарсы күш қолдану жәйтері тіркелінген. 2022 жылы 10 наурыз айында Созақ аудан көлемінде Түркістан қаласына ТОО «Сенім ай» орталығына 2- отбасы жатқызылды. Пилоттық жоба бойынша  зорлық-зомбылықтан зардап шеккен жәбірленушілерді Полиция ғимараттарына жеткізуге жол бермеу қажет, себебі олар психологиялық жәбір көрген, онда басқа қылмыспен өтіп жатқан күдіктілерді көріп психикасына одан әрі зақым келуі мүмкін. Сондықтан жәбірленушілерге қатысты тергеу әрекеттері дағдарыс орталығында басталып, сонда аяқталу қажет»,- деді.

   Жиын барысында, Созақ ауданы орталықтарында зорлық-зомбылық, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық зардап шеккен әйелдер мен балаларға кешенді көмек көрсету жөніндегі құрбандарына медициналық, әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсететін дағдарыс орталықтарын ашуға стандартқа сәйкес келетін арнайы ғимараттарды бөлу жайлы сөз болды.

Сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары Оразов Қалдыбек Әбілдаұлы өз сөзінде сексуалдық зорлық-зомбылықпен күресу және зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету қажеттілігін баса айтты. Ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелеріне зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларға кешенді көмек көрсету туралы тапсырма берді.


ПІКІР ЖАЗУ