The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Ордабасы: Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары пысықталды

Аудан әкімі Нұрбек Бадырақовтың төрағалығымен жаңа оқу жылына  дайындық жұмыстары бойынша жиналыс өтті.

Аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің оқу жылына дайындығын пысықтаған аудан әкімі салалық бөлім басшысына жаңа оқу жылына орай мектеп формасымен қамту мақсатында әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан 2400 балаға кәсіпкерлердің қолдауымен жәрмеңке ұйымдастыруды тапсырды.

Алқалы жиында аудан басшысы әкім орынбасары Е.Исмайловқа республикалық «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен және облыстық, аудандық бюджет есебінен  салынып жатқан білім беру мекемелерінің  құрылыс жұмыстарын, аяқталу мерзімін қадағалауды жүктеді.

Сондай-ақ Нұрбек Бақтыбайұлы аудандағы оқушы тасымалдауды қажет ететін 57 елді мекендердегі мектептерге автобус ұйымдастыру, педагогтардың біліктілігі мен білімділігін көтеру бойынша индикатор құру, жергілікті шарт-жағдайға байланысты мектеп жанынан бала бақша ашу, Исмайлов мектебіндегі күрделі жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтау, Нұрлыбеков мектебінің комиссия мүшелеріне қадағалау жүргізу,  мектеп ғимаратындағы әжетхана сапасы бойынша жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырма берді.

Әрі жүктелген міндет пен берілген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын тікелей өз қадағалауына алатындығын жеткізді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда жаңа метро бекеті салынып жатыр

admin

ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданындағы 11 нысанға мониторинг жұмыстары жүргізілді

admin

Түркістанда төрт жолақты көшелердің саны артады

admin