The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Арыс: комиссияның кезекті отырысы өтті

Бүгін Арыс қаласы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті. Қала әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаев жетекшілік еткен жиналысқа тиісті сала мамандары мен дербес бөлім басшылары, комиссия мүшелері қатысты.

Ал күн тәртібінде әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау, ана мен бала өлімінің проблемалары талқыланды.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша 2020-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары мен «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасының іске асырылу жайы да айтылды.

Жоғарыда аталған мәселелер бойынша Арыс аудандық орталық ауруханасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Гүлжамила Мақсұтова мен «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының меңгерушісі Жазира Абылова арнайы баяндама жасады.

Жиын соңында ұсыныс, пікірлер назарға алынып, сала мамандарына тиісті деңгейде тапсырмалар жүктелді.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Сенатта байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту туралы заң мақұлданды

admin

Түркістанда «Жаңа Қазақстанның тірегі – айбынды жастар» әскери-патриоттық акциясы өтті

admin

Жақып Асанов: Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру

admin