The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Кентау: бүгін «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалы акция өткізді

Бүгін «AMANAT» партиясы Кентау  қалалық филиалы және фракция мүшелерінің ұйымдастыруымен қалалық филиалдың мәжіліс залында аз қымтылған отбасыларға,  көпбалалы аналарға көмек беру мақсатында  «Баланы мектепке даярлайық» акциясын өткізді.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін көмек көрсету.

Шараға Түркістан облыстық мәслихат депутаты Жантөреева Қалыйма Жантөреқызы, қалалық мәслихат депуттары Балабиев талғат Рахымұлы, Елеусізов Қабылан Жамалбекұлы, Мұсаханова Ұлбала Ермаханқызы, Аяпбергенова Роза Мұратқызы,  Гайруллаев Мақсұт Мырзакәрімұлы және филиал қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында депутаттар тарапынан  60- оқушыны оқу құралдары салынған сөмкемен қамтыды. Оның ішінде Қ.Жантөрееваның өзі 30 баланы қамтыды. Ы.Алтынсарин атындағы 1 мектеп-гимназиясының бірнеше оқушыларынада жаңа оқу құралдары, сөмкелері берілді. Мектеп-гимназия әкімшілігі атынан өз ризашылығымызды білдіреміз.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 5122 студент дуальды оқытумен қамтылуда

admin

Астанада полиция күніне орай фотокөрме өтті

admin

Шымкенттік спортшы Паралимпиада ойындарында бақ сынайды

admin