Жаңа оқу жылына дайындық барысы талқыланды

0

Аудан әкімінің лездемелік мәжілісінде Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру мекемелерінің 2022-2023 оқу жылына дайындығы туралы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ардақ Садықова баяндама жасады.

Баяндамашының сөзіне сүйенер болсақ, аудан аумағындағы 68 білім беру мекемесінің 57-сі типтік, 11-і ыңғайластырылған. Мектептің барлығы автономды жылытылып, 45 –і газ жүйесіне қосылса, 23 –і қатты отынды қолданады. Сонымен қатар, барлық мектептер, 24 мемлекетік балабақшаның жылыту жүйесі сығымдаудан өтіп, ақаулары жөнделді.

Ұйымшыл және №6 жалпы орта мектебінде құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес, қазан және желтоқсан айларында пайдалануға беріледі. Шомшақты жалпы орта мектебі мен аудандық Оқушылар үйінің құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер мекеме анықталса, Тағайна жалпы орта мектебінің құрылысы басталады деп күтілуде. Бұған қоса, 10 мектепті күрделі жөндеуден өткізу қажет болса, 7 білім беру ғимаратының жобалау-сметалық құжаттары әзірленді. Ал, қалған 3 мектепте техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілмек.

Білім беру мекемелерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өрт сөндіру құралдарын толтыру, ғимарат шатырын арнаулы сұйықпен өңдеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, барлық білім беру ошақтарында санитарлық-гигиеналық талаптары сақталып, дезинфекция жасалды.

2022-2023 оқу жылына 100 пайыз оқулықтармен қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда. Аудандағы 27990 оқушыға «Атамұра», «Мектеп», «Оксфорд», «Келешек -2030» баспаларынан оқулықтар түгел алынды.

Бүгінгі күні «Мектепке жол» республикалық акциясы өтуде. Акция аясында «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан бөлінген қаражат есебінен 850 оқушыға мектеп формасы алынады. Көмекке мұқтаж қалған отбасыларында тәрбиеленіп отырған оқушыларды формамен қамту бағытында «Мектепке жол» тұжырымдасы аясында ақпараттық-насихаттық, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Оқу жылында 21 мектепке 2767 оқушыны тасымалданып, оны «Төлеби автобус паркі» ЖШС жүзеге асырады.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі жаңа оқу жылына дайындықтың үлкен жауапкершілік екенін айтып, барлық мәселені дер кезінде шешуді тапсырды.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ