The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

“Бірлікте” айтылған 77 өтініштің 58-і орындалды

Нұрбол Әбдісаттарұлы “Бірлік” тұрғындарымен бүгін кезекті кездесуін өткізіп, атқарылған жұмыстарды баяндады

Түркістандағы «Бірлік» тұрғын үй алабында қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің наурыз және маусым айларында тұрғындармен өткізген кездесуі барысында 77 мәселе көтерілді.

Қазіргі таңда оның 58-і орындалса, 14-і бойынша жұмыстар басталды, қалған 5 тапсырманың заңдылығы түсіндірілді.

НАҚТЫ…

Сектор аумағында 16 шақырымды құрайтын 26 көшеге тас төселді.

3,3 шақырымды құрайтын 3 көше ағымдағы жылы орташа жөндеуден өтеді. 35 шақырымды құрайтын 33 көшені жарықтандыру жоспарлануда.

12 шақырымды құрайтын 9 көшеде жаяу жүргіншілерге арналған жол төселуде, құрылыс қыркүйек айының соңына дейін аяқталады.

Керейхан көшесі, Бірлік стадионы аумағына балалар ойын алаңы мен спорт алаңшасының құрылысы жүруде, жұмыстардың 90 пайызы аяқталды.

Бірлік секторын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін биылғы жылы жаңа 5 трансформатор орнатылды. Енді электр желілерін жаңарту жобасы әзірленуде.

Жалпы жобаға сәйкес, 85 шақырым кәріз желісінің құрылысы басталды.

Кездесу барысында тұрғындар өтініш-тілектері мен ұсыныстарын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Ордабасы: аудан әкімі Нұрбек Бадырақов Жамбыл ауылындағы Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектеп ғимаратында ауыл тұрғындарымен кездесті

admin

Шымкент : Текесу тұрғын алабында ауыз су құбыры ретке келтіріледі

admin

Түркістан облысында балық шаруашылығымен айналысушылар саны 2 есеге артты

admin