Аудан әкімінің халықпен есептік кездесуі Машат және Арыс ауылдық округтерінде жалғасты
Бүгін аудан әкімі Нұрлан Байғұт ІІІ-тоқсандағы халықпен есептік кездесуін Машат және Арыс ауылдық округтерінде жалғастырды.
Дәстүрлі кездесу барысында аудан әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 1-қыркүйегіндегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауын тұрғындарға кеңінен түсіндірді. Жолдауда айтылған реформалардың нақты 5 бағдарын айшықтап берді. Басты стратегиялық құжатты іске асыруға барлық мемлекеттік органдар жұмылатынын мәлімдеп, мемлекет саясатын іске асыру жолында әр түлкібастық бір кісідей ат салысу керектігін атап өтті.
Сонымен қатар, аудан басшысы қос ауылдық округте алдынғы есептік кездесуде көтерілген мәселелердің іске асу барысымен бөлісіп, ауыл тұрғындарының көкейінде жүрген ауыз су, ағын су және жол мәселесіне қатысты сұрақтарына жауап беріп, жеке мәселелерімен азаматтарды қабылдады.
Өткен тоқсандық есепте көтеріліп, іске асатын жобалар:
Машат ауылдық округінде:
- 2022 жылы Машат елді мекеніне ұңғыма қазу, трансформатор және су мұнарасын орнату;
- Мыңбай елді мекеніне, трансформатор мен су мұнарасын орнату, құбыр салу;
- Мыңбай ауылы Сейфуллин, Еңбек ауылы, Уалиханов, Еңбекші ауылы, Қайсенов, Қызылбастау ауылы, Қалдарбеков көшесін жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда;
- Сонымен қатар, 2022 жылы Машат және Мыңбай ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысына жобалық сметалық құжаты мен мемлекеттік сараптамасына қаржы бөлінді.
Арыс ауылдық округінде:
- Мақталы ауылы, Жамбыл және Мұратбаев көшелеріне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу;
- Керейт ауылы, Ж.Әсілбекұлы көшесіне науа(лоток) орнату жұмыстарын іске асыру жоспарланып отыр.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі