The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Жылыжайлар иелеріне қолдау көрсетіледі

Жылыжай шаруашылықтарының ең қарқынды дамыған өңірлерінің бірі – Түркістан облысы. Жалпы республикадағы жылыжайлардың 71%-ы облыстың үлесінде. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды осы салаға қолдауды күшейтіп, жаңа жобаларды жүзеге асыруды тапсырды.

Биыл қаңтар айында ауа райы -22 градусқа дейін төмендеп, күн күрт суытты, қар қалың түсті. Жеке жылыжай шаруашылықтары тиісті көмір қорын қалыптастырмағандықтан қыс мезгіліне дайын болмай шықты.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес шұғыл іс-шаралар атқарылып, 591,0 гектар (1058 агроқұрылым) болатын жылыжайларға қыс маусымына 200,8 мың тонна көмір қажет екендігі анықталып, «Қазақстан темір жолы» АҚ-ы арқылы 186,7 мың тонна көмір жеткізілді.

Екіншіден, жалпы жылыжайлардың 94%-ы фермерлік қолдан жасалған жеңіл конструкциялы жылыжайлар болғандықтан кейбіреулерінің өнімдерін үсік шалды. Оның ішінде 167 тауар өндірушінің 36 гектар жылыжайы қар салмағын көтере алмай жарамсыз күйге түсті. Осылайша, жеке кәсіпкерлер қаржылық шығынға ұшырады.

Әкімдік тарапынан тауар өндірушілердің мүлкіне келтірілген нұқсан жөнінде акті ұсынылған жағдайда қаржы ұйымдары алдындағы берешектерінің (несие қаржы) өтеу мерзімдерін 1 жылдық мерзімге кейінге шегеру жөнінде ұсыныстар жолданады. Сондай-ақ, зардап шеккен жылыжай иелері қаржы ұйымдары арқылы жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етілмек.

Ұқсас жаңалықтар

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды

admin

Полицейлер 1500 доза есірткіні сақтаған күдіктіні анықтады

admin

Түркістан: түйе бағып, табыс тапқан отбасы

admin