The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан: «Шәмші Қалдаяқовтың ізімен» жаңа туристік маршрут ашылмақ

Түркістан облысының туризм басқармасы тарапынан еліміздің белгілі композитор – Ш.Қалдаяқовтың өмір жолына арналған авторлық туристік маршрут дайындалып жатыр.

Отырар ауданында «Қазақ вальсінің королі» атанып кеткен Шәмші Қалдаяқовқа арналған мұражай орналасқан. Мұражайда дарын иесінің жеке заттары мен шығармашылыққа бай қызметі туралы куәліктері сақталған.

Туризм басқармасы ұлы композитордың отбасымен тығыз жұмыс жүргізіп, оның өмірі мен шығармашылығынан жарияланбаған фактілерді ашатын авторлық жобаларды дайындау үстінде. Жақын арада Түркістанда Шәмші Қалдаяқовқа арналған онкүндік аясында жүргізілетін іс-шаралар жоспары ұсынылады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте “АҢСАҒАН СӘБИ” бағдарламасы аясында 136 сәби дүниеге келді

admin

Түркістан облысында әскерге шақыру науқанына дайындық жүргізілуде

admin

Сарыағаш: «талапқа сай, жауапкершілікпен жұмыс атқарыңыздар, бұл соңғы ескерту деп қабылдаңыздар!»

admin