The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Қазығұрттағы «TURKISTAN» кәсіпкерлік орталығының кәсіп бастағандарға көмегі көп

Бүгінде Қазығұрт ауданындағы «TURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы «Бір терезе» қағидаты бойынша 3 бағытта қызмет көрсетіп келеді.

Олар — консалтинг, жобаларды жасау және сүйемелдеу және құжаттарды рәсімдеу бөлімі. Бұл жерде кәсібін жаңадан ашпақ болған азаматтар мен жүріп тұрған бизнесін дамыту бойынша тиісті көмектерге ие бола алады.

Өткен жылдың қорытындысымен жобаларды сүйемелдеу бөлімі арқылы 57 бизнес жоспары жасалынып, 13 жоба сүйемелденіп, қаржыландырылды. Оның ішіндегі басым бөлігі — мал шаруашылығын дамыту бойынша сұраныстар.

«TURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы КММ-нің Қазығұрт аудандық бөлімінің басшысы Дәурен Әлібекұлының айтуынша, жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде өткен жылы рұқсат құжаттарын рәсімдеуге, яғни кепілге қойылатын мүлік құжаттарын сенімхат негізінде заңдастыру бойынша жалпы 27 кәсіпкер мен 79 жеке тұлғаға қажетті көмек көрсетілген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Әйтенов «Сәуле» шағынауданы 276 орамда жарық және су жүйелерінің жағдайымен танысты

admin

Елорданың мәдениет қайраткерлері жаңа Конституция жобасын талқылады

admin

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ ШЫМКЕНТТЕ САХНАЛАНҒАН ҚОЙЫЛЫМ ЕНДІ БАС ҚАЛАДА

admin