Түркістанда дойбыдан облыс чемпионаты өтуде

0

Түркістан облысында 64 шаршылы дойбыдан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында классика, рапид және блиц спорт түрінен облыс чемпионаты өтуде. 10-15 ақпан аралығында өтетін жарысқа өңіріміздің барлық аудан, қалаларынан 87 спортшы қатысып, шеберліктерін көрсетіп жатыр.

Жарыстың мақсаты – облыс көлемінде дойбы спортының бұқаралығын арттыру, спортшылардың шеберлігін шыңдау.

Дойбыдан Түркістан облысының аға жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бауыржан Бердибаев қазіргі таңда облыста дойбы спортының қарқынды дамып келе жатқанын жеткізді. Талай талантты шәкірт тәрбиелеп жүрген түркістандық бапкер Қазақстан Республикасының 100 шаршы дойбы түрінен бас жаттықтырушысы қызметін атқарады.

Одан бөлек Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы және Азия чемпионы атанған. Жарыста 2007-2009, 2010-2012, 2013-2014, 2015 жылы туған жасөспірімдер қатысып, бақ сынауда. Жеңімпаздар 15 ақпанда анықталады. Сайыстың нәтижесінде Түркістан облысы құрама командасының сапына спортшылар іріктеледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ