The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Биыл Түркістан облысында үш визит-орталықтың құрылысы аяқталады

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі биыл тағы үш визит-орталықтың құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы министрліктің әлеуметтік желідегі парақшасында шығатын «Тікелей эфир» айдарында Тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сейдалиева мәлімдеді.

«2023 жылы үш визит-орталықтың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Ол «Сауран», «Гаухар-ана» және «Ордабасы» туристік оралықтары. Аталған тарихи визит-орталықтардың үшеуі де еліміздің рухани астанасы — Түркістан облысында орналасқан», деді Жанат Сейдалиева.

«Сауран» қалашығы Түркістан қаласынан 40 шақырым жерде. Мұнда келушілер мен туристерге қызмет көрсету үшін заманға сай инфрақұрылым жасалады. Ал, «Гаухар-ана» кесенесі — Орта Азия аумағындағы әйелдер құлшылық жасауға арналған орын.

Визит-орталықта қонақтарға жайлы жағдай жасау үшін түнеуге арналған орындар қарастырылған. «Ордабасы» аумағында да визит-орталықтың құрылысы белсенді жүріп жатыр.

«Визит-орталықтар бірінші кезекте ғылыми, мәдени, ақпараттық кешендер ретінде пайдаланылады. Мұнда туристер үшін барлық қолайлы жағдай жасалады. Бұдан бөлек жергілікті жердің мәдени-туристік кластерін дамытуға, өңірдің брендке айналған тарихи-мәдени және табиғи ресурстарды пайдалана отырып, имидждік, туристік өнімдерді жасауға үлкен мүмкіндік», деді Тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сейдалиева.

Бүгінгі таңда Қазақстанда үш визит-орталық толық қарқында жұмыс істеп жатыр. Ол Алматы облысындағы «Таңбалы», Ұлытау облысындағы «Ұлытау» және Түркістан облысындағы «Отырар» орталықтары.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Швейцариядағы бейбітшілік саммитіне қатыса ма

admin

ЖОЛДАУ: Тәлім-тәрбие беруде зиялы қауым өкілдеріне үлкен сенім артты

admin

Шымкент: Сабын шығаратын қойма өртке оранды

admin