The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістанның гандбол командасы Өзбекстаннан чемпион болып оралды

Өзбекстанның астанасы Ташкентте гандболдан жасөспірімдер арасында халықаралық ашық турнир аяқталды. Оған 16 жасқа дейінгі жас спортшылар қатысып, өзара бақ сынасты. Халықаралық турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қарақалпақстан елдерінен кәсіби деңгейдегі гандболшылар қатысып, шеберліктерін шыңдады.

Қазақстанның намысын қорғап, мерейін үстем етіп келген команда бапкері, білікті спорт маманы Анатолий Мамедовтың айтуынша, мектеп шәкірттері бұл жауапты додада бес кездесу өткізіп, барлық қарсыластарын ойсырата ұтқан. Сөйтіп, Түркістан облысының талантты гандболшыларынан құралған команда ашық халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Бұл жетістікті облыстық №2 олимпиада спорт мектебінің директоры Нұрлан Айтмурзаев жоғары бағалап отыр. Жеңімпаз ізбасарларды даярлауда жаттықтырушылардың ерен еңбектері бар.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Көлік басқару құқығынан айырылса да, рөлге қайта отырған шымкенттік қамауға алынды

admin

Жетісу облысы: биыл Панфилов ауданында 190 мың тонна жүгері алынады деп күтілуде

admin

Конституциялық кеңес комиссияның алғашқы отырысын қорытындылады

admin