Түркістан: Кентауда оқушылар үйі пайдалануға берілді
Кентау қаласында «Кентау оқушылар үйінің» ашылу салтанаты өтті. Аталған іс-шараға Кентау қаласының әкімі Тасов Жандос, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының тәрбие бөлімінің басшысы Махамбетов Жандос және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Түнтеков Мұратша Жұмабайұлы қатысты.
Оқушылар үйінде балалардың мектептен тыс бос уақытын тиімді пайдалануға барлық жағдай жасалған. Қосымша білім беруді қамтитын мекемеде 45 үйірме, жалпы 76 қызметкер жұмыс істейді. Қазіргі таңда мұнда 1593 оқушы қосымша білім алуда. Сонымен қатар бұл ғимаратта «Bilim LIFE» олимпиада орталығы құрылды. Орталықтың мақсаты – білімді, дарынды оқушыларды анықтап, олимпиадаға дайындау және олимпиада резервін жасақтау. Алдағы уақытта оқушы санын арттырып, жұмыс ауқымын кеңейту жоспарлануда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі