The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан: Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының жұмысы таныстырылды

Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін облыстық орталықта болды. Мекеменің тыныс-тіршілігімен танысып, ондағы қызмет алушылардың жағдайын білді.

Педиатр, терапевт, невропатолог-ортопед дәрігерлері мен мейірбикелері жұмыс істейтін мекемеде жалпы 60-тан астам мүгедектігі бар балаға әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Сонымен қатар, тәрбиешілер, деффектологтар, логопед мұғалімдері, психолог мамандары мен әдіскерлерден әлеуметтік-педагогикалық қызмет түрлерін алуға мүмкіндік бар.

Облыс әкімінің орынбасары «№1 Түркістан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мекемесіне де арнайы барып жұмыс барысымен танысты. Орталық 1976 салынған. Қазіргі таңда 18 жастан асқан шизофрения, ақыл-есі кемістігі, эпилепсиямен, орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымданулары мен I, II — топтағы 510 мүгедектігі бар адам қызмет алуда.

Қызмет алушыларға қолданыстағы арнаулы әлеуметтік қызметтердің 8 түрі ұсынылуда. Атап айтқанда, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік — мәдени, әлеуметтік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық қызметтерін көрсетуге жағдайлар қарастырылған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы еліміздің креативті индустрия өкілдерімен кездесті

admin

Шардарада армрестлингтен және гір тасын көтеруден облыс чемпионаты өтті

admin

«Өңір экономикасында оң серпін бар» Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының 2022 жылдың қорытындысы мен әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі

admin