The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан: Келестік шаруалар көктемде құлпынай өнімін алуды жоспарлауда

Келестік шарулар құлпынай егіп, мол пайдаға кенелуде. Бірлесу ауылдық округіндегі «Бекзат» шаруа қожалығы 1,8 гектар аумақтағы ашық алқапқа былтыр құлпынай көшетін қондырған. Биыл сәуір айында өнім алуды жоспарлап отыр.

– Екі жылдан бері құлпынай егуен айналасып келеміз. Жеріміздің құнарлы, ағын суымыздың сапалы болуы осы шаруашылықты дамытуға мүмкіндік береді. Құлпынай егуді Сарыағаш ауданындағы азаматтардың қолдауымен бастадық. Ондағы агромамандар 10 жылдан астам уақыттан бері осы құлпынай өсірудің қыр-сырын жетік меңгеріп келеді, – деді «Бекзат» шаруа қожалығының төрағасы Марат Оралов.

Атап өтерлігі, былтыр қожалық 1 гектардан 25 тонна өнім алған. Құлпынайдың әр келісін 1700 теңгеден саудалап, 15 млн. теңге таза табыс тапқан. Қазіргі таңда өнімге сұраныс еліміздің ірі қалалалары және Түркістан облысы аумағындағы аудандардан келіп түсуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Банктер енді алаяқтарға жіберілген ақшаны қайтарып береді

admin

Сербия мен Косово арасында жағдай ушықты. Косово серб паспорты мен автонөмер ауыстыруды кейінге қалдырды

admin

Шымкентте автомобиль шыныларын өндіретін зауыт жұмыс жасайды

admin