The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан: өтінішіңіз қабылданды!

Түркістан облыстық Бірыңғай байланыс орталығына 20-30 маусым аралығында 3296 өтініш келіп түсті. Оның 2944-не мезгілінде жауап беріліп оң шешілген.

Қаралған мәселелердің басым бөлігі: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы, оның ішінде электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен қамту, сондай-ақ, көшелерді жарықтандыру, кәріз құдықшалары мен қоқыс қалдықтарын тазарту, ветеринарлық қызметтер көрсету, жол салуға байланысты.

Тұрғындардың мәселелерді жедел жеткізуі мен байланысты оңтайландыру бойынша өтініш беру көздерінің аясы кеңейген. Атап айтқанда, азаматтар 109 қысқа нөміріне қоңырау шалу, «Aikey» мобильді қосымшасы, Telegram-да чат бот, Whatsapp желісі, Instagram және Facebook әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы өтініштерін жолдай алады. Қоңырау категориясы консультация беру, оқиғаға байланысты арыз-шағым, шағым, алғыс және ұсыныс негізінде 5 түрмен жүргізіледі.

Айта кетейік, Түркістан облыстық Бірыңғай байланыс орталығы – «Ашық әкімдік» және «Халықтық әкімдік» тұжырымдамаларына сәйкес жергілікті билік пен халық арасындағы үздіксіз байланысты нығайту бойынша жұмыс жүргізетін алаң. Байланыс орталықта тәулік бойы тұрғындардың арыз-шағымы қабылданады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

admin

ШЫМКЕНТ: Көшелерді түнгі жарықшамдармен қамтамасыз ету 43,4 пайызды құрады

admin

Шымкентте қарқынды бау көлемі артып келеді

admin