The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Шымкенттік делегация СИАНЬДЕ іскерлік кездесулер өткізуде

  • Шымкенттік делегаттар Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында іскерлік кездесулер өткізуде. Шілденің 4-7 аралығына жоспарланған жұмыс сапарына қала әкімінің орынбасары М.Исахов бастаған делегация құрамында кәсіпкерлік, цифрландыру, ауыл шаруашылық, табиғатты қорғау саласы басшылары мен аудан әкімдері және қалалық маслихат депутаттары мен білім беру және бизнес өкілдері бар.
  • Іс-сапардың негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған сапары аясында Шымкент пен Сиань қалалары арасында қол қойылған өзара серіктестік орнату туралы меморандумға сәйкес тараптар арасында жан-жақты байланыс орнатып, өзара тәжірбие алмасу.
  • Шара барысында Шымкент пен Сиань әкімдіктері, қалалық Мәслихат пен Халық құрылтайы өкілдері, Жоғары оқу орындары, жеке және орта бизнес өкілдері арасында екі жақты В2В кездесулері ұйымдастырылып, өзара ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылып, озық технологиямен жабдықталған арнайы кәсіпорындарды аралау жоспарланған.
  • Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте «Сүйекші» трагедиясы сахналанады

admin

Шымкенттік кәсіпорын айына 120 тонна сағыз шығарады

admin

Жаңа қосымша ғимаратта балалардың білім алуына және спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған

admin