The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан: Жетісайда астана күні мерекеленді

6 шілде – Астана күні. Мемлекетiмiздiң басты қаласы Астана – елiмiздiң жаңару нышаны, қазақстандықтардың мақтанышы, Отанымыздың жүрегi, тәуелсiздiгіміздің тiрегi.

Еуразияның жүрегіне айналған Елорда күнін Жетісай жұртшылығы жоғары деңгейде атап өтті. Қаладағы орталық алаңда мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай» аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының ұйымдастыруымен «Жаса, жайна – Астана» атты мерекелік іс-шарасы болып өтті.

ЮНЕСКО шешімімен «Бейбітшіліктің қаласы» атанған әсем де, арман қаланың 25 жылдығына арналған думанды іс-шарада аудан өнерпаздары ән мен жырдан шашу-шашып, қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Салтанатты шараға келген қонақтар Елорданың түрлі арман-қиялдарды жүзеге асырып, сан-қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан көркем қала екендігіне тоқталды. Қазіргі көркі, заман талабына үндесе көтерілген ғимараттары көрген жанды баурап алатынын, көңілдерді шарықтататынын айтып, жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан Астана күнімен бір-бірін құттықтады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 700-ден астам мәдениет және өнер мекемесі халыққа қызмет көрсетеді

admin

БІЛІКТІ КАДРЛАР ДАЯРЛАУ — БАСТЫ МІНДЕТ

admin

КЕЛЕС: бірлікте әлеуметтік нысандар орналасқан көшелерге асфальт төселді

admin