Шымкенттік оқушы халықаралық фестивальде бас жүлдені иеленді
- Шымкенттік оқушы халықаралық жарыстан жеңіспен оралды. Маусым айының 3-4 аралығында Ташкентте өткен халықаралық «ZHULDYZ ART KAZAKHSTAH»
- конкурс-фестивалінде қаламыздағы N 90 Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының оқышысы Ханша-Айым Арманқызы бас жүлдені иеленді.
- 5-сынып оқушысы Ханша-Айым өзінің жас ерекшелігінде вокал бағыты бойынша топ жарды. Түрлі елдің намысын қорғаған
- 800- ден аса өнерлі бала бақ сынасқан байқау тартысты өтті.
- Бас жүлдегер түрлі тақырыптағы әндерді әуелете орындап, талайды таңдай қақтырды.
- Сарапшылар кішкентай өнерпаздың сахнада өзін-өзі ұстауына, дауыс ырғағына, сезімталдығына жоғары баға берді. Осылайша Ханша-Айым Арманқызы тек өзі білім алатын мектебінің ғана емес, халықаралық шарада мегаполистің абыройын да асқақтатты.
- Жеңімпаздың ұстазы аталған мектептің музыка пәнінің мұғалімі, вокал үйірмесінің жетекшісі Роза Амрина —
- Құрмет белгісі орденінің иегері, ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері.
- Сондай -ақ Еңбек ардагері төсбелгісімен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен, Ұлағатты ұстаз төсбелгісімен марапатталған.
- Шәкірттері бүгінде АҚШ, Германия, Чехия, Болгария, Греция, Түркия, Ресей, Өзбекстан республикаларында өткен вокал байқауларының жеңімпаздары.
- Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі