The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан облысында 56 жастағы азамат таудан құлап, қайтыс болды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысында 56 жастағы азамат таудан құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Төле би ауданында болды. Ер адам әйелі мен досын ертіп Сайрам шыңын бағындыруға тауға шыққан. Ал қайтар жолдағы қауіпті аумақта 1967 жылы туған ер адам төмен құлап кеткен. Ол алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

«Ауа-райының қолайсыздығына байланысты іздеу жұмыстары әлі жүргізілген жоқ. Қазіргі таңда Қасқасу кемпингінде полиция департаменті, ауыл шаруашылығы саласы, жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД қызметкерлерінен штаб құрылды», — делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен АҚШ стратегиялық серіктестік мәселелерін талқылады

admin

2 жыл ма, 8 жыл ма: Мектеп директорына қанша уақыт беру керек?

admin

Тарихта алғаш рет Англия шіркеуінің көшбасшысы әйел болды

admin