The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Полиция шымкенттіктерді 60 млн теңгеге сан соқтырып кеткен алаяқ әйелге іздеу жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Шымкенттіктерді 60 млн теңгеге алдады деп күдік келтіріліп отырған әйелге іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мыңбаева Азиза Мамытқызы 1963 жылы туған. ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі «Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық» бойынша күдікке ілінді.

Ол 5 азаматты 60 млн теңгеге алдап соққан. Ол жәбірленушілерден жылжымайтын мүлік құнының 10-15 пайызын төлеп, сенімхат жазып беруге көндіріп, қалған соманы жақын арада төлеуге уәде берген. Қажетті құжатты алғаннан кейін, ол басқа біреудің мүлкін қайта сатып жүрген.

Қазіргі уақытта әйел тергеу органдарынан жасырынып жүр. Айта кетейік, ол бұрын да іздеуде болған.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Шардара тұрғындарын ауыз сумен қамтитын «тама-тастанбек» жобасының құрылысы басталды

admin

Түркістан қаласында 150-ден астам көшені жөндеу жоспарланып, 30 көшеде жұмыстар басталды

admin

Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық пысықталды

admin