The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Шымкентте 109 адам грант қаражатын мемлекетке қайтарады

Былтыр Шымкентте 142 азамат қайтарымсыз грантты мақсатсыз пайдаланғаны анықталып, оның 136-сы сотқа жолданған болатын.

Жан – жақты тексеріс жүргізу барысында 109 адамға қаржыны қайтару туралы сот үкімі шықты. Қазірге дейін 5 тұрғын қомақты қаржыны өз еркімен мемлекетке қайтарып үлгерді. Ал 3 тұрғын грантты алудан өздері бас тартқан.

Жұлдыз Балтабаева, Шымкент қаласы еңбек мобильді орталығы директорының орынбасары: «Дәлелдемесі болмаған жағдайда қаражаты мемлекетке қайта қайтарылады. Мұндай жағдайлар бізде болды. Өздерінің шоттары жабық болғанын біліп, қарап, өз еркімен қаражатты қайтарғандар болады. Сотқа беріліп, қайтарылмаған деген жағдай болмады. Тұрғынның жағдайы келмесе 12 айға бөліп, біртіндеп төлеуге мүмкіндік жасалады».

Ұқсас жаңалықтар

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жәрдемақы, оңалту: Астана тұрғындарына жыл басынан бері қандай әлеуметтік көмек көрсетілді

admin

Шымкентте әкімдік қызметкері 700 млн. бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды

admin

Киберполицейлер кәмелеттік жасқа толмаған екі алаяқты құрықтады

admin