The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Қалада абаттандыру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде

  • Шымкент қалалық Еңбекші ауданына қарасты №11 шағын ауданы аумағында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүріп жатқан көпқабатты үй аулаларын қала әкімі Мұрат Әйтенов мердігер мекеме өкілдері, сондай-ақ техникалық қадағалаушы мамандармен бірге аралады.
  • Мұрат Дүйсенбекұлы аталған аумақтағы құрылыс жұмыстарының үлгеру процесі мен сапасын бақылады. Биыл №11 шағын ауданында көп қабатты тұрғын үй аулаларына 4 балалар ойын алаңшасын орнату жоспарланған. Қазір 2 алаңша аяқталу сатысында. Жалпы 2023 жылы Еңбекші ауданы бойынша 29 балалар ойын алаңшасы орнатылып, 7 кешенді балалар ойын және ашық спорт алаңшасы орнатылатын болады.
  • Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан қаласындағы «жасыл белдеу» аймағы ұлғая түсуде

admin

ҚМА еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізілуде

admin

«Наурыз» ипотекасы кімге берілгені белгілі болды

admin