The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ҰҚК Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың ұсталғанын растады

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың ұсталғанын растады.

«2023 жылғы 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен жемқорлық жасады деген күдікпен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховты ұстады.

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде» делінген ҰҚК мәліметінде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Ұқсас жаңалықтар

Тұрғындарды баспанамен қамту жолындағы ізденістерді тоқтатпаймыз – Дархан Сатыбалды

admin

Экономист болжамы. Жаңа жылда доллар қанша болады?

admin

Көшелерге асфальт жол салынуда

admin