The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықСпорт

Шымкенттік спортшы ұлттық құрамаға алтын сыйлады

Софья Берульцева Азия чемпионатының алғашқы күні Ұлттық құрамаға алтын сыйлады. Бүгін Малайзияның Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XIX Азия чемпионаты басталды. Биылғы бәсекеге құрлықтағы 31 елден 400-ге жуық татами шебері жиналды. Бұл қатарда 19 қазақстандық бар. Ұлттық құрама каратэшілері чемпионатты сәтті бастады.

Алғашқы күні кумите бағдарламасында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева (+68 кг) өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды. Азия чемпионаты 23 шілдеде аяқталады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Жол белгілерін конкурстық сынақтардан өткізуде

admin

Air Astana ұшақтарының не себепті жиі кешігетінін түсіндірді

admin

Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді қабылдады

admin