The Dala Times ақпараттық сайты
ӘлемБасты жаңалық

Маңғыстауда «ҚазАзот» кәсіпорнында ауаға газ атқылады

Маңғыстау облысында «ҚазАзот» АҚ кәсіпорнында ауаға газ бөлінген, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық экология департаментіне сілтеме жасап.

21 шілде күні 19:11 шамасында Маңғыстау облысы бойынша экология департаментіне «ҚазАзот» АҚ-дан шұғыл хабар түскен. Онда № 4 агрегатты іске қосу процесінде САК цехында абсорбция бағанына су беру желісінде бекіту арматурасының плашкасы кептеліп қалғаны және бағанға тұзсыздандырылған судың шектеулі берілуінің салдарынан ҒТР бұзылғаны айтылады. Соның салдарынан 5 минут бойы атмосфераға нитрозды газ бөлінген. Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті «ҚазАзот» АҚ-ға жоспардан тыс тексеру жүргізеді.

Сонымен қатар заңда белгіленген тәртіппен қажетті шаралар қабылданады. Атқарылған жұмыстың нәтижесі қосымша хабарланады, — деп мәлімдеді департамент.

Ұқсас жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтары жылы: Елімізде қандай шаралар ұйымдастырылады?

admin

Нұртас шағынауданы тамыз айында табиғи газбен қамтылады

admin

Облыс әкімі Қаратау қаласындағы бірқатар нысандарды аралады

admin