The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Көршісінің кішкентай қызын байлап, иесіз ғимаратқа апарып ұрған

Алматы облысы Қарғалы ауылында кішкентай қыздың аузы мен қолын шүберекпен байлап, қараусыз қалған ғимараттың аумағына апарған әйел ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция мәліметінше, тексеру барысында 23 жастағы әйелдің қайда жүргені анықталған. Ол Жамбыл облысы ауылдарының бірінен ұсталып, арнайы полиция бөлімшесіне жеткізілді.

ҚР ҚК 126-бабының 2-бөлігі 5-тармағы (кәмелетке толмаған баланы бас бостандығынан заңсыз айыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен қажетті тергеу жұмысы жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, Қарғалы ауылында жас келіншек кішкентай қыздың аузы мен қолын шүберекпен байлап, иесіз үйге апарып ұрған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Түлкібаста тәулігіне 2,5 тонна сүт өңдейтін цех ашылды

admin

Сайрам: тілдер мерекесі қарсаңында салтанатты жиын өтті

admin

Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді

admin