The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Жерлесіміз — Азия чемпионы

Каратэден тағы бір жерлесіміз Азия чемпионы атанды. Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XIX Азия чемпионаты өтуде. Жарыстың екінші күнінде жерлестеріміз үшін сәтті өтті. Бір алтын, бір қола медаль еншіледі.

Алпысбай Қайсар 60 келі салмақ дәрежесін бағындырды. Юлдашев Данияр 84 келі салмақта қола жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетейік, чемпионаттың алғашқы күнінде кумите бағдарламасында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева (+68 кг) өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанған болатын. Сондай-ақ, биылғы бәсекеге құрлықтағы 31 елден 400-ге жуық татами шебері жиналды. Бұл қатарда 19 қазақстандық бар.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа Ұлттық экономика министрі тағайындалды

admin

Қазақстан мен Қытай қылмыстық істер бойынша бірлесе жұмыс істемек

admin

Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы хабарлайды

admin