The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қымыз ішіп, көлік жүргізуге бола ма?

Қымыз көп адамның  жақсы көретін бие сүтінен жасалған, қышқыл сүтті сусын екенін білеміз. Алайда қымыз ішкен кезде көлік жүргізуге бола ма деген сауал туындайды. Бұл сұраққа редакция заңгері Венера Нұрғалиқызы жауап берді.

Қымыз ащы болған жағдайда оның құрмындағы спирт мөлшері  0,5 %-4,5% дейін болатынын білгендеріңіз жөн. Ал масаю деңгейінің 3 түрі бар. Олар:

1.0,5% – 1,5%-ға дейін жеңіл;

2.1,5% – 2,5%-ға дейін орта;

3.2,5% – дан жоғарылаған сайын ол қатты масаю болып саналады.

«Жалпы сізді көлік жүргізу барысында жол полиция қызметкерлері ұстаған жағдайда  алкотест арқылы осы көрсеткіш көрсететілетін болса, яғни сізде масаюдың жеңіл түрі болатын болса, айыппұл негізінде төлем жасайсыз. Ал көрсеткіш орта немесе жоғары болған жағдайда, көлік басқару куәлігінен айырылуыңыз әбден мүмкін. Сол себептен  қымыз сусынын көлік жүргізер кезде ішпегеніңіз абзал»,-деді заңгер.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда қазақ-корей бірлескен университеті ғимаратының құрылысы жалғасып жатыр

admin

Түркістанда ҚХА-ның 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдар фестивалінің облыстық кезеңі өтті

admin

Түркістандық велошабандоздар Астана қаласында өтіп жатқан чемпионатқа қатысуда

admin