The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Абай облысында есірткі қойып кетуші топ қолға түсті

Абай облысында “Қарасора – 2023” ЖПІШ барысында есірткі қойып кетуші топ қолға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Ұзақ мерзімді жедел әзірлеуді жүргізу нәтижесінде Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және Семей қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері “Қарасора – 2023” ЖПІШ өткізу барысында синтетикалық есірткілерді жеткізу арнасының жолын кесті.

Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері интернет дүкеннің қатысушыларын анықтады.18, 25 және 29 жастағы үш жергілікті тұрғын облыс орталығында синтетикалық есірткі құралдарын құпия орындарға жасырын қойып кетіп отырған. Ұсталғандардан сатуға арналған 250-ден астам бір реттік синтетикалық есірткі дозасы, сондай-ақ мобильді құрылғылар тәркіленді. Олардың көмегімен жасырын орындарды суретке түсіріп, есеп беріп отырған.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Құрылыс нысанының II, III кезеңдері бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс барысы тексерілді

admin

Дархан Сатыбалды: демографиялық өсім мен мектептердің ескіруі себеп болып отыр

admin

Астанада алғаш рет ревматология орталығы ашылды

admin