The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Шымкент әкімі ауысты ма?

Шымкент әкімдігі мегаполис әкімі Мұрат Әйтеновтің ауысқаны туралы ақпарат жалған екенін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Пікір қала әкімдігінің Instagram-дағы парақшасында 24 шілде күні жарияланды.

«Бүгін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы әкімінің ауысатыны туралы жалған ақпараттар жарияланып жатыр. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Сонымен қатар қазір қала әкімі Мұрат Әйтеновтің лауазымдық қызметінде екенін хабарлайды», — делінген әкімдік хабарламасында.

20 шілдеде Шымкентте қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ұсталды. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, ол сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, барлық қажет жедел-іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр. 21 шілдеде мегаполистің мамандандырылған тергеу соты әкімнің орынбасары Исаховқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан мен Кентаудың экс-әкімі Рашид Аюпов сотталды

admin

«80 сиыр мен 29 миллион теңгенің дәрі-дәрмегі». Қырғыз шекарашылары Қазақстаннан өткен контрабанда туралы хабарлады

admin

Түркістан облысының шаруалары Нұр-Сұлтанда өтетін жәрмеңкеге 500 тоннадан астам өнім жіберді

admin