The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Пара алған лауазымды полицейлерге үкім шықты

Шымкентте жергілікті полиция қызметінің басшылары жүйелі жемқорлық қылмыстары үшін сотталды. Олар параны қол астындағы қызметкерлерінен алып келген.

Антикор мәліметінше, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 4-рота командирі Қ.Әлімханов пен 8-рота командирі Н.Мырзалиевке қатысты үкім шығарды. Сот оларға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар сотталушылар  мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салған, лауазымды тәртіп сақшыларын Шымкент қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің және Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері әшкерелеген болатын. Полицейлер қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін тұрақты негізде бағыныстылардан 5-тен 10 мың теңгеге дейін бірнеше рет пара алды деп айыпталды.

Бұдан басқа, Әлімханов әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін өзінің қарамағындағылар арқылы Шымкент қаласының тұрғынынан 130 мың теңге сомасында заңсыз сыйақы алған.

Ұқсас жаңалықтар

«Алаяқтардың 80%-ы намаз оқитындар». Зайытов ойын түсіндірді

admin

Дархан Сатыбалды жолдаудағы басым бағыттар өңірдің дамуына оң серпін беретінін жеткізді

admin

Кентаудағы Жылу энерго орталығында жыл басынан бері құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуде

admin