Тұран: ирригациялау жұмыстары басталды

0

Миллион тұрғыны бар ірі қалаларда ирригация мәселесі өзекті. Әсіресе, көктем мен күз айларында жауын-шашын көбейіп, арық-атыздар арнасынан тасып, кейбір көшелерді су алу қаупі кездеседі. Сондықтан төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Тұран ауданында 2023 жылы барлығы 41 көшеге 24,01 шақырым ирригация жүйесін салу жоспарланған.

Қазіргі уақытта аталған жұмыстар бойынша 19 көшеге құрылыс жұмыстары басталды. Атап айтар болсақ, Қазығұрт елді мекені және112 орам шағын ауданында ирригация жүйесін салу қарқын алды.

Ал, қалған 22 көше бойынша мердігер мекеме анықталған соң, жұмыстар жүргізілетін болады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ