The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкентте жалаңаш ер кісі көшенің қақ ортасында шомылған

Шымкентте орта жастағы ер адамның әрекеті жұрттың таңданысын тудырды. Куәгерлер оны видеоға түсіріп алған. Бейнежазба әлеуметтік желілерде пайда болды.

Аптап ыстықтан шаршаса керек, ер кісі Төле би көшесінің бойында жолдың дәл ортасында орналасқан гүл суғаратын су шашқыш суына  жалаңаш шомылып жүрген. Көп ұзамай полицейлер ыстық күнде салқындаудың ерекше жолын тапқан ер адамның жеке басын анықтады. Ол қазір тұрақты тұрғылықты жері жоқ, 50 жастағы азамат болып шықты.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі хаттама толтырылды.

Полиция қызметкерлері жинақталған іс-құжаттарды әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі ауданаралық сотқа жібереді.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Бір күнде 662 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді

admin

Түркістан: Қазығұртта заманауи үлгідегі жабық футбол алаңы ашылды

admin

Түлкібас өрені асық атудан әлем кубогын жеңіп алды

admin