The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Жүк көлігі 8 жеңіл көлікті соқты

Шымкентте бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты орын алды. Полиция мәліметінше, Howo миксер жүк көлігі 8 жеңіл көлікті соққан.

Оқиға 26 шілдеде сағат 10:15 шамасында болған. Самал базарына қарай бағыт алған жүк көлігі Рысқұлов және Қазиев көшелерінің қиылысындағы бағдаршамда тоқтап тұрған 8 автокөлікті соққан.

Салдарынан Mazda автокөлігінің жүргізушісі және Toyota Camry көлігінің жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

ІІМ Telegram-каналындағы мәліметке сүйенсек, жүк көлігінің тежеуіші кенеттен істен шыққан екен. Ал оны тізгіндеген жүргізушінің жүк көлігін басқаруға құқығы жоқ екені анықталған. Оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 3-бөлімі бойынша хаттама толтырылды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданында «ауыл – ел бесігі» жобасы сәтті жүзеге асырылуда

admin

Қазақстандықтар жұбайының рұқсатынсыз банктен несие ала алмайды

admin

Ордабасы: берілген тапсырмадан нәтиже шығару керек

admin