The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

50 мыңға жуық абонент сапалы жарыққа қосылды

Қаланың даму жоспарына сәйкес Батыс, Қайнарбұлақ, Нұрсәт елдімекендері ішкі жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталып, бүгінде 50 мыңға жуық адам сапалы электр қуатына қосылуға мүмкіндік алды. Жергілікті халықты сапалы электр қуатымен қамту мақсатында биыл 6 нысанның, оның ішінде 5 елді мекенде ішкі жүйелерінің және 1 қосалқы стансаның құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Бүгінде Тұран, Түркістан, Ақжар шағынаудандарында ішкі электр жүйелерінің құрылысы жалғасуда. Жоба бойынша мердігер мекемелер 153,2 шақырым электр желілері мен 15 электр тарату бекетін, 38 трансформатор, 1 қосалқы станциясын орнатады.

Жалпы, жаңадан іске қосылған электр желілерінің нысандары арқылы кәсіпорындар да қуат көзіне қосылуға мүмкіндік алуда. Бүгінде Ақжар қосалқы станциясы арқылы темірбетон бұйымдарын өндіруге арналған жабдықтарды шығаратын зауыт — «DALA-CONSTRUCTION” ЖШС электр қуатына қосылды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Наурызнама онкүндігі аясында Алматыда ұлттық спорт түрлерінен фестиваль өтті

admin

Бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауға алу мерзімі ұзартылды

admin

Түркістан облысында санитарлық талаптарға сай келмейтін полигондар реттеледі

admin